KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Мемлекеттік қызметке тест тапсыру қалай жүргізіледі?

21.09.2017, 08:56 286

– Мен биыл жоғары оқу орнын бітірген едім. Жаз бойын әкемнің кәсіпорнында жұмыс істедім. Енді мемлекеттік қызметте бағымды сынап көрсем деймін. Ол үшін не істеу керек, тест тапсыру үшін арнайы тіркелу қажет бола ма?


Ринат Салауатов

Күршім ауданы.


Сауалға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының міндетін уақытша атқарушы Жанна Қабдолдақызы жауап береді:


– Мемлекеттік қызметке тест тапсыру үшін тест тапсыру күнінен бір күнтізбелік күн бұрын Е-gov порталы арқылы немесе ХҚКО-на (ЦОН) барып, өтініш беру қажет. Одан соң заңнамаларды білу бойынша тестілеу бағдарламасын таңдау қажет. Қай қалада, қай күні тапсыратыныңызды көрсетесіз. Келесі ретте жеке сапа бағасына тестілеу бағдарламасын таңдау керек.


Бұдан басқа да толық ақпараттармен kyzmet.gov.kz сайтының «Мемлекеттік қызметке және құқыққорғау қызметіне түсу» бөлімінде, не болмаса мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Өтініш берудің ақырғы құжаты «электронды үкімет» веб-порталы арқылы берілген, тест тапсырылған жері, уақыты, күні көрсетілген қолхат болып табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив