Ауруханалардың кредиторлық берешегі: кім кімге қарыз?
Бұқаралық ақпарат құралдары жергілікті ауруханалардың жеткізушілері алдындағы кредиторлық берешегі туралы жарыса жазған болатын. Ауруханалардың өздері бірнеше ай бойы әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алмағаны да айтылған.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы осы мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар Қордың облыстық филиалында аймақтағы медициналық ұйымдарды қаржыландыру жағы қалай екені жайлы да ақпараттандырылды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Данияр Исеновтің айтуынша, жыл басынан бері толық көлемде төлемдер жүргізілмеген екен. Яғни, бұл – рас. Дегенмен, оның өзіндік себептері бар көрінеді.
Ол сондай-ақ Қордан төлемдер әдетте келесі айда медициналық мекемелерге есеп беруден кейін, бірақ жұмыс сапасына мониторинг жүргізілген соң түсетінін айтты.
Қор филиалының басшысы бұл ағымдағы кредиторлық берешек болуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл жерде сөз тауар сатып алынған, бірақ жеткізушіге қаражат әлі аударылмаған жағдай туралы. Сондай-ақ мерзімі өткен берешек болуы да мүмкін, бұл жағдайда қарызы бар жылдар туралы айтылып отыр. Яғни, медициналық мекемелердің үшінші тұлғаларға, олардың провайдерлеріне қарыздары бар деген сөз.
Айта кетсек, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстағы 59 медициналық ұйыммен жұмыс істейді: 31 ұйым – мемлекеттік, қалғандары – жеке ұйымдар. Соның ішінде 12 ұйымда берешек бар, олардың бесеуіндегі берешектің мерзімі өтіп кеткен (жалпы сомасы – 1,6 млрд теңге).
Осындай ұйымдардың бірі – облыстық мамандандырылған медициналық орталық (бұрынғы бірінші қалалық аурухана). Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаевтың айтуынша, аурухананың кредиторлық берешегі – 200 миллион теңге. Медициналық орталық өз жеткізушілеріне осынша қарыз болып қалған. Алайда мекеме әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шағымданып отырған жоқ. Сонымен қатар онда бірде-бір пациент көмексіз қалмаған: орталықта қызметтердің 90%-ы шұғыл түрде және Қор төлейтін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) есебінен көрсетіледі, тек 10%-ы ғана жоспарлы түрде көрсетіледі екен.
Аталмыш аурухананың бас дәрігері Шолпан Мақашеваның сөзінше, қазір олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан аванс алған.
Қордың берген мәліметіне сүйенсек, алынған аванстың көлемі – 1 млрд 762 млн теңге, қаңтар-ақпан айларына – 503 млн 661 мың теңге.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – халық үшін ең ашық қордың бірі.
Медициналық көмек алу бойынша қосымша сұрақтар болса немесе проблемалар туындаған жағдайда пациенттерді қолдау және өз клиникасындағы ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды жергілікті жерде шешу мүмкін болмаса, байланыс арналарының бірі арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жіберуге болады:
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
- Ресми сайт – fms.kz;
- Telegram-дағы @Saqtandyrýbot;
- Байланыс орталығы - 1414.