KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде полиция қызметкерлеріне арналған мурал салынды

ШҚО ПД

22.06.2024, 13:00 125 Назерке Каримова

Қазақстан полициясы күнін мерекелеу қарсаңында 5 қабатты тұрғын үйдің қабырғасы безендірілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерінің қиын әрі қауіпті, жауапкершілігі мол жұмысын суретші кірпіш «кенепте» көрсеткен. Суретші баланы қолында ұстап тұрған полиция қызметкерін салу арқылы ішкі істер органдарының қызметкерлерінің азаматтардың тыныштығын қорғауды қамтамасыз ететінін бейнелеген. Суретте сондай-ақ жол сақшысы мен оның көлігі салынған.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан полициясы қатарында үш мыңнан астам полиция қызметкері абыроймен қызмет етеді. Бұл нағыз кәсіпқойлар, олар үшін тәртіп пен заңды қорғау өмірлік қағидасына айналған, олар үшін кәсіби бедел мен жеке парасаттылық сияқты ұғымдар қатар жүреді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив