KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да өнертапқыштар мен зияткер оқушылар жарысы басталды

ШҚО Білім басқармасы
ШҚО Білім басқармасы
22.06.2024, 19:30 268 Назерке Каримова

Әуе, зымыран, көлік, кеме модельдеу бойынша техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарыстары 13 жылдан бері өткізіліп келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Биыл жарыстың өңірлік кезеңдерінің 10-17 жас аралығындағы 180 жеңімпазы Өскеменге келді. Оның ішінде 10 қыз және 170 ұл. Ал жарыстың өңірлік кезеңіне барлығы 20 мыңнан астам жас өнертапқыш қатысты, - деп хабарлады ШҚО Білім басқармасы.


Республикалық жарыстар балалардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға, кеме, әуе, зымыран, көлік құрастыру саласында батыл идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Бағдарлама бойынша командалар радиомен басқарылатын авто, авиа, зымыран, кеме модельдерін жасап жарысады. Жарыстар бір уақытта қаланың бірнеше алаңында өткізілетін болады.

Сайыстар 21-24 маусым аралығында өтеді, 30 жеңімпаз анықталып, дипломдармен және ақылды колонка, ойын құлаққаптары, смарт-сағаттар сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив