Елордада Бишимбаевтың туыстарын алдап ақша алған азаматша ұсталды
pixabay.com
Елорда тұрғыны Бишимбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені жымқырған.
Бұл туралы Қ. Бишімбаевтың туыстары арызданған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратына сүйеніп.
- Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі. - Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті. Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.
Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Оқи отырыңыз
Өскеменде педагогтің біліктілігі туралы сертификат сатқандарға қатысты тергеу аяқталдыАягөз әкімі пара алды деген күдікпен ұсталдыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылдыБір аптада білім беру саласындағы жемқорлық бойынша 8 іс тіркелдіСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өзгерістер түсіндірілді – ШҚО