KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Меккеде қажылыққа барған 500-ден астам адам мерт болды

Фото: muftyat.kz

21.06.2024, 21:21 55 Анель Слямғазықызы

Қажылық кезінде аптап ыстықтан қайтыс болған кем дегенде 550 адамның 320-сы Мысырдан келген. Сауд Арабиясы билігі 2000-нан астам адамнан ыстық өтіп, ем алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Altainews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Араб дипломаттарының бірі мысырлықтардың бәрі аптап ыстықты көтере алмағандықтан қайтыс болғанын айтты.

Сауд Арабиясы ұлттық метеорологиялық орталығының хабарлауынша, 17 маусымда Меккедегі Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен. Сауд Арабиясының зерттеуіне сәйкес, аймақтағы температура әр онжылдықта 0,4 градусқа көтеріледі.

Қажылыққа барғандардың ішінде тек біреуі адамның көп болуына байланысты кептеліс кезінде ауыр жарақат алып, мерт болған. Сондай-ақ ол адам санына қатысты жалпы ақпараттар Меккенің әл-Муайсем маңындағы аурухана мәйітханасынан алынғанын атап өтті.

Әр түрлі елдер көз жұмған қажылардың саны 577-ге жеткенін хабарлады. Меккедегі Әл-Муайсем ауданындағы мәйітхана 550 адамның қайтыс болғанын растады. Қаза болғандардың 323-і мысырлық болса, 60-ы иорданиялық. 

Сейсенбі таңертең Мысыр Сыртқы істер министрлігі Каир Сауд Арабиясының билігімен бірлесіп қажылықта жоғалып кеткен мысырлықтарды іздеуге кірісетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ жергілікті биліктің мәліметінше, аптап ыстықтан зардап шеккен 2000-ға жуық қажы ем алған. Алайда жексенбіден бері бұл ақпарат жаңартылған жоқ. 

Шетелдік БАҚ былтыр қажылықта 240 адам мерт болғанын жазып жатыр. Олардың көбі индонезиялықтар болған.

Билік қажыларға күн ыстықта қолшатырларды қолдануға, көп су ішуге және күннің ең ыстық кезінде күн сәулесінен аулақ болуға кеңес береді. Дегенмен Арафат тауында дұға ету секілді көптеген қажылық рәсімдер ашық ауада ұзақ отыруды қажет етеді.

Осы тұста кейбір қажылар жедел жәрдем қызметтері шамадан тыс жүктеліп, жол жиектерінде мәйіттерді көргенін хабарлады. Биыл 1,8 миллионға жуық адам қажылық жасаған, оның 1,6 миллионы – шетелден келгендер. 

Айта кетсек, жыл сайын он мыңдаған қажы ресми визасыз қажылыққа баруға тырысады, бұл олардың саяхатын қауіпті етіп жатыр. Себебі олар қажылық бағыты бойынша берілген кондиционері бар орындарға қол жеткізе алмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив