KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Семей қаласының жолдарын жөндеуге жыл сайын 1 млрд теңге жұмсалатын болды

20.09.2017, 09:58 141

2017-2019 жылдарға арналған Семей қаласын дамытудың іргелі әрі маңызды жоспары негізгі төрт бағытты қамтиды. Бұл тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар, ішкі инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту салалары. Осылардың барлығы қала әкімдігінде облыс басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен жиында сөз болды.


Ауқымды өзгертулерді іске асыруға түрлі қаржы көздерінен 113 млрд. теңге жұмсалатын болады. Жыл сайын қаланың жолдарын жөндеуге 1 млрд. теңге бағытталатын болады. Үш жылда ұзындығы 75 км 48 көше жөнделеді деп күтілуде. Семейді дамыту жоспарында Еуропалық қайта құру және даму банкінен қаражат тарту қарастырылып жатыр. Инвестиция есебінен 25,7 км жылу жүйелері жаңартылып, ескі құрылғылар ауыстырылады. 2016 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің көмегімен 2,6 млрд теңгеге 17 км жылу жүйелері ауыстырылды. Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелері де жаңғыртылмақ. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы қала тұрғындарын алаңдатқан ұзындығы 1,6 км құрайтын кәріздік дюкер де жөнделеді екен.


-Сіздер көптен күткен Семейдің әуежайының басым бөлігі күрделі жөндеуден өткізілді, енді бір аздаған ғана жұмыстары қалды-деді Даниал Ахметов,-ұшу-қону жолағы ұзартылып, халықаралық талаптарға сәйкестендірілді. Жобаның жалпы құны 10,4 млрд теңге. Биыл Семейді жылумен қамтуда ешбір қиындық немесе кедергі болмайды деп ойлаймыз. Сонымен қатар, қаланың Қарағайлы шағын ауданында алып кешен «Абай Арена» мәдени-спорттық орталығының құрылысы басталмақ. Семейді дамытуға арналған үш жылдық жоспарға орай қаланың Бас жоспары бойынша барлық тұстары қарастырылып, қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Осыған дейін облыстық бюджетке аударылатын қаражат, қалалық бюджетте қалдырылып келеді. Соңғы үш жылда қала бюджеті 55 пайызға артып отыр. Әрине, қала әкімдігінен Семей қаласын дамытуға орай жоспарды іске асыруға мұқият болуды талап етеміз.


Семей қаласында құрылыс саласы даму үстінде. Былтыр 51,2 мың шаршы метр болатын 12 көппәтерлі үй салынып пайдалануға берілсе де, жас отбасылар көбейген сайын биыл бұл аз болып отыр. Алдағы уақытта қаланы дамытудың жоспарына орай халық тығыз қоныстанған аудандарда көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы мен оларға инженерлік желілерді тарту үшін түрлі қаражат көздерінен 28,1 млрд теңге игерілмек. Қарағайлы ауданында әсіресе, көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алатын болады. Мәселен, сегіз көпқабатты үйдің құрылысы 11,1 млрд теңге көлемінде даму институттарының қаржысын тарту есебінен жүргізілмек. Ал 20 көп қабатты үйдің үйдің құрылысына 9,5 млрд теңге көлемінде республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінеді.


Облыс басшысы Даниал Ахметов қаланың оң жағалауын көркейту мәселесіне орай «Набережная» деп аталатын тұста да болды. 2019 жылға дейін Семей қаласының барлық көшелері мен демалыс орындары көркейтіліп, жылу жүйелері жаңартылып, кәзір жүйелерінің мәселелері шешілмекші. Және 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5 мың орындық мәдени-спорттық кешен тұрғызылады. Көптеген жобалар Семейд дамытудың үш жылдық жобасы негізінде іске асырылады.


Даниал Ахметов оң жақ жағалауда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Мердігерлер алдағы уақытта оң жағалауды үш деңгейлі түрде жөндеп, қалыпқа келтірмек.


-Бұл жерге ең бастысы, жақсы электр энергиясын беріп, сумен қамту керек. Тұрғындар Ертістің оң жағасының көркейгенін өздері көріп, табиғатқа келіп, демалсын. Ал түнде күндізгідей жарық болғаны жөн, ол үшін жарықтандыру мәселелері де назардан тыс қалмауы керек,-деп тапсырды облыс басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив