KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізуде

25.02.2016, 18:00 247



Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдында жыл сайынғы есеп беру кездесуі өткізіліп жатыр. Аймақ басшысының айтуынша, 2015 жылы өндірістің барлық салалары бойынша экономикалық өсімнің оң қарқыны сақталды. Сонымен қатар ШҚО әкімі 2016 жылға арналған міндеттерді атап өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz Ақпараттық орталыққа сілтеме жасап.

Өз баяндамасының басында Даниал Ахметов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қойған басты міндеттеріне тоқталып өтті.

Ең басты бағыт - инвестиция тарту. Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 119%-ға өсті.

Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 5 маңызды жобға инвестиция тартылды. 2015 жылдың желтоқсан айында Семей қаласының инженерлік инфрақұрылымы бойынша 11 млрд. теңгені құрайтын екі келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Еуропалық даму және қайта құру банкіне 154 млрд. теңгені құрайтын 124 жоба қарастырылуға жіберілді.

2015 жылы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылып, 562 жұмыс орындары ашылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 100,6% өсті. Жалпы алғанда өткен жылы агроөнеркәсіп кешенінде 5 млрд. теңгеге 94 жоба іске асырылды. 2016 жылы Шығыс Қазақстанда сүт-тауарлы фермаларды құру және сүт қабылдау пунктерін дамыту бағдарламасы одан әрі жалғастырылатын болады. Биыл 7 млрд. теңгеге 7 жаңа сүт-тауар фермаларын іске қосу және 17 ферманы қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 109%-ға өсті. 2015 жылы 318 мың. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтер кілттеріне 3 мыңнан астам отбасы ие болды. Сонымен қатар өткен жылы 43 әлеуметтік сала нысаны қолданысқа берілді. Құрылысы ұзаққа созылған 118 нысанның 94-і қолданысқа берілді - 54 білім беру және 10 денсаулық сақтау нысандары.

2015 жылы 333,5 шақырым жол жөндеуден өтті, ал биылғы көрсеткіш 2 есе артады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив