KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Пробациялық қызметке психологтар қажет

4.08.2017, 04:10 171

Парламент Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник пен Снежанна Имашева аймақтағы қорытынды кездесулерін облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробациялық қызмет өкілдерімен өткізіп, олардың заңнамалық базаны жақсарта түсу жөніндегі ұсыныстарын тыңдады.


– Өздеріңіз жақсы білесіздер, елімізде жарты жылдан бері пробация қызметі туралы жаңа заң жұмыс істеп келеді. Онда бас бостандығынан айыру орындарынан жақында ғана босап шыққан тұлғаларға жан-жақты қолдау көрсетуге ерекше мән берілген. Статистика мәліметтері көрсеткендей, бостандыққа шыққандардың көбісі қоғамға сіңісіп кете алмағандықтан және лайықты жұмысқа орналаспағандықтан қайталап қылмыс жасап жатады. Міне, осындай кезде оларға пробация қызметі көмекке келеді, - деді Снежанна Имашева. – Біз осыған дейін Семейдегі пробация қызметінің жұмысымен танысып, ұжымымен кездестік, енді Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдауға әзірміз.


Кездесуде облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тарапынан көптеген сауалдар қойылды. Мәселен, жаңа заңда сотталғандар мен қамалғандарға тұрақты психологиялық қолдау көрсету керектігі айтылған. Алайда, мұны тәжірибе жүзінде іске асыру оңай шаруа емес. Департамент өз кезегінде психологтар қызмет көрсететін компаниялармен мемарандум бекітеді. Бірақ олар белгілі бір уақытқа ғана. Сондықтан заң талап етіп отырған тұрақты психологиялық қолдау көрсету орындалмайды. Мәселені психологтардың штаттық құрамын ашу арқылы шешуге болады, алайда, пробация қызметінде ондай вакансия қарастырылмаған.


Жиында көтерілген тағы бір өзекті мәселенің бірі – пробация қызметінде істейтіндердің әлеуметтік пакеті мен маңызды жеңілдіктердің жоқтығы. Сонымен қатар Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ІІМ-нің бақылауына қарасты мекеме болса да, мұндағы қызметкерлердің көпшілігіне әскерилер мен полицейлер сияқты баспананы жалдау ақысы төленбей келеді.


Аталған мәселелерді мұқият тыңдап жазып алған Парламент Мәжілісінің депутаттары оларды күздегі Мәжіліс жиынында міндетті түрде көтеретіндерін жеткізді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив