KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Биыл облыста 5 мың басқа арналған 18 тауарлы-сүт фермасы іске қосылады

25.07.2017, 03:31 106

Өңіріміздегі сүттің 70 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі, сондықтан оны өз-өздерін жұмыспен қамтып отырған тұрғындардан сатып алу үшін негізгі жағдайлар жасалған.


–Тауарлы-сүт бекеттерін құру жұмыстарын жалғастыру керек, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов. – Оның үстіне бізде модульдық конструкциялар шығаратын өз кәсіпорнымыз бар, оларды бұрын Ресей мен Қытайдан алатынбыз. Біздікілер барынша жетілдірілген салқындату жүйесіне ие және көлемі жөнінен үлкен.


Мұнымен қоса, облыста тауарлы-сүт фермаларын, сүт қабылдау бекеттерін дамытуға, жеке шаруашылық табындарының өнімділігін арттыруға шағын несие беріледі. Несиелендіру сомасы 6 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде бірнеше мәселе шешіледі. Кооперация үшін және тұрғындарды жұмыспен қамту үшін ірге қаланады. Тұрақты табысы бар жеке қосалқы шаруашылықтарды кеңейту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі ұлғаяды. Маңыздысы – заңды әрі табысты бизнес жүргізу мүмкіндігі пайда болады.


Шығыс Қазақстанда осы жылы 5 мың басқа арналған 18 тауарлы-сүт фермасы іске қосылмақ. Жыл соңына дейін өңірде 17,2 мың басқа шақталған 60 ферма жұмыс істейтін болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив