KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Үстіне шатыр құлаған өскемендік қария ауруханада көз жұмды

19.07.2017, 05:01 86

ШҚО-да соққан қатты желдің зардабы әлі есептеліп жатыр. 82 жастағы Шерияздан ақсақал бүгін түнде аурханада көз жұмды.


Естеріңізге сала кетейік, 17 шілде күні соққан қатты жел Өскемендегі ғимараттардың бірінің шатырын жұлып әкеткен. Осы маңайда кетіп бара жатқан тыл ардагері Шерияздан Исановтың үстіне құлаған профлист қарияның өкпесін езіп жіберді. Ауыр халде жан сақтау бөліміне жеткізілген ардагерге шұғыл қан керек болып, кеше қала тұрғындары арнайы қан тапсырды.


Немересі Әзиздің айтуынша, ақсақал бүгін түнде аурухана төсегінде жатып көз жұмыпты. Енді қарияның туысқандары шатыры ұшқан ғимараттарға жауапты адамдарды тауып, олардың жазаға тартылуын талап етіп жатыр.


-Аталған оқиғаға байланысты тексеру жүргізіледі. Бұл оқиғада қылмыс құрамы бар ма жоқ па оны жауапты орындар анықтайтын болады,-дейді Өскемен қаласының прокуроры Ерсін Шынбаев


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив