KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Үстіне шатыр құлаған 82 жастағы қарияның жағдайы ауыр

18.07.2017, 09:40 237

Кеше соққан жойқын дауыл бірнеше адамды жаралады. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы бес адамның қалалық ауруханаға келгенін хабарлаған болатын.


Ең қатты зардап шеккен 82 жастағы тыл ардагері Шерияздан Исанов ақсақал. Қарияның үстіне үйдің төбесін жатқан профлист келіп құлаған. Ардагердің өкпесі езіліп кетіп, қазір ауыр халде ауруханада жатыр.


Дәрігерлер мен ақсақалдың туыстары тұрғындардан қан тапсыруды өтінеді.


Қанды облыстық қан орталығына (Көкжал Барақ көшесі, 11А, «№46 мектеп» аялдамасы) барып, өткізуге болады. Қажетті қан бірінші топ болғанымен, дәрігерлер кез келген қанды қабылдай беретіндерін айтады. Қан орталығына №17а, 26, 43 автобустарымен жетуге болады. Өзімен бірге жеке басты кәуландыратын құжат болуы шарт. Қанды таңертеңгі 8.00-ден 14.0-ге дейін қабылдайды.


Немересі Азиздің айтуынша, ақсақал біраз уақыт бұрын Астанаға көшіп кеткен екен. Ел жаққа қонаққа келген көрінеді.


Шерияздан ақсақалдың немересі Азиздің байланыс телефоны: 8-705-795-57-77


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив