Қазақстанда маусым айында найзағайдың жарқылдауы орташа нормадан 4 есе артқан
Қазақстанда маусым айында найзағайдың жарқылдауы орташа нормадан 4 есе артқан, деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК директорының бірінші орынбасары Мереке Әбдірахметов.
"Қазгидрометтің" мониторингі бойынша, Жердегі климаттың жаһандық өзгеруі қауіпті табиғи құбылыстардың жиілігі мен көлемін арттырған. Егер 2015 жылы Қазақстан аумағында 11 мың қауіпті табиғи құбылыс тіркелсе, 2016 жылы олардың саны 12 мың 100 құбылысқа дейін өскен. 2017 жылдың тек маусым айында 1217 найзағай тіркелген, бұл орташа көпжылдық нормадан 4 есе артық", - деді М.Әбдірахметов сейсенбі күні Астанада өткен брифингте.
Оның сөзінше, қауіпті құбылыстар қатты желмен, дауылдармен қатар келуде.