KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Қазақстанда МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкі ашылады

3.07.2017, 09:44 209

МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкі Қазақстан аумағында 29 тамызда ашылады, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.


"Биылғы жылдың 29 тамызында, Ядролық сынаққа қарсы күрес күнінде, Астанада біз ядролық қарусыздандыруды ту етіп ұстаған ғалымдардың Пагуож қозғалысының 60 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясын өткізуді жоспарлап отырмыз" – деді Н.Назарбаев дүйсенбі күні Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесуде.


"Сол күні МАГАТЭ-нің Қазақстан аумағындағы аз байытылған уран банкі ашылады", - деп атап өтті президент.


Президенттің айтуынша, сол күні, сондай-ақ, Қазақстанның ядролық қарусыздандыру саласында тағайындап отырған алғашқы сыйлығы табысталады.


interfax.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив