KZ
Өскемен
-16°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Жармада жас мамандар баспаналы болды

5.04.2018, 08:00 215

Өткен жылы Жарма ауданында 18 жас маман «Дипломмен-ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты. Шалғайда жатқан елді мекендерге еңбек етуге келген жастарға көтерме жәрдемақы төленген. Сондай-ақ тұрғын үй алуға 68,1 миллион теңге қаражат бөлініпті. Аудан әкімі Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, былтыр 23 жас маман баспаналы болған.


– Өткен жылы ауданға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында еңбек етуге ниетті жас мамандар келді. Біз оларға қаржылай қолдау көрсетіп, тұрғын үй алуға көмектесудеміз. Жалпы, аталмыш бағдарлама бойынша ауылға келіп, жұмыс істеймін деген жастарға қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз, - дейді Нұрлан Сыдықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу