KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

«ЭКСПО-ға» жеңімпаздар барады

22.06.2017, 02:51 79

Өскеменде ұлттық ат спорты ойындарынан облыс чемпионатының жүлдегерлері анықталды. Жеңімпаздар Астанада өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне жолдама алды.



Чемпионат қорытындысы бойынша Ұлан ауданының спортшылары топ жарса, екінші және үшінші орындарға көкпектілік және тарбағатайлық командалар көтерілді. Жеңіске жеткен спортшылар шілде айының 22-23 күндері елордада өтетін Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндеріне қатысатын болады.


Айта кетейік, «ЕХРО-2017» көрмесіне облысымыздан көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату сынды ұлттық ойындар бойынша 60-қа жуық адамнан құралған делегация аттанбақ.


Еске салайық, аталмыш додаға Абай, Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан аудандарынан келген командалар мен Өскемен қаласының спортшылары қатысқан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив