KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

ШҚО-да өткен гандбол чемпионаты өз мәресіне жетті

8.06.2017, 18:00 298



3-8 маусым аралығында гандбол спорты бойынша әйелдер арасындағы Супер және жоғарғы лига командаларының қатысуымен ҚР XXV Чемпионатының 5 кезеңі болып өтті.

Республикалық деңгейде өткізілген сайысқа Жоғарғы лигадан 11 команда, Супер лига құрамынан 6 команда қатысты.
Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Қостанай, Қызылорда қалаларынан келіп қатысқан спортшылар тартысты ойын көрсете білді.

– Аймағымызда гандбол спорты күн санап дамып келеді. Қаламызда өтіп отырған республикалық чемпионатта жеңіске жеткен әрбір команданы құттықтап, алдағы ойындарда сәттілік тілеймін, – деді «Алтай» спорт клубының директоры Асхат Ақылбеков.

Қазылар алқасының шешімі бойынша гандбол ойындарының Супер лига командасынан «Іле» командасы (Алматы облысы) І орынға «Қайсар-КАМ-КГУ» командасы (Қызылорда қ.) ІІ орынға және «Алматы» командасы (Алматы қ.) ІІІ орынға ие болды. Мықты қарсыластарға тап болған жерлестеріміз, яғни «Алтай» командасы IV орынды қанағат тұтты.

Жоғарғы лига командаларына жүргізілген қорытынды бойынша келесі командалар жүлделі орынға ие болды: «Казығұрт» командасы (Шымкент қ.) 1-ші, «Алтай» командасы (ШҚО) 2-ші, «Север» командасы (Павлодар қ.) 3-ші орын.


ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив