KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Астанаға жаяу кеткен Ғалымжан бүгін Қояндыға жетті (фото)

8.06.2017, 18:00 150


Өскемендік желаяқ Ғалымжан Тоқтар Астананың іргесіндегі Қоянды ауылына келіп кірді. Бұл жерде оны ауыл әкімі бастаған 150 адам қиқумен қарсы алды.

Жылдың басты оқиғасы - ЭКСПО-2017 көрмесіне Өскеменнен жаяу шыққан Ғалымжан 15 күн дегенде діттеген жерге жетіп отыр. Алқаған қалың елдің арасынан бір сәтке де босай алмаған жерлесіміздің жездесі Мырзабек Төкенмен тілдескен едік.

-Қояндыға дейін 15 қонып жеттік. Соның тек үш күнінде ғана үйге қоныппыз. Қалған күндердің бәрінде далаға от жағып, көлікте қонып отырдық. Әсіресе сапардың алтыншы күні Ғалымжанға ауырлау тиді. Жауын құйып, ауа температурасы минусқа түсіп кеткен болатын. Алайда халықтың қолдауы мен құрметі бізге жолымызды жалғастыруға күш берді. Кейбір ауылдар артымыздан қуып келіп, қазы-қартасы мен қымызын ұсынса, Жармалықтар мал сойып тұрып шығарып салды, - дейді Мырзабек.
Астанаға жаяу кеткен Ғалымжан бүгін Қояндыға жетті (фото)
Ғалымжанның жұбайы Еркегүл Мұқият ереймантаулықтардың да жерлесімізге көрсеткен құрметі ерекше болғанын айтады. Бір топ жеткіншек біздің желаяққа моральдық қолдау білдіру үшін бір шақырым қашықтықты бірге жүгіріп өткен екен.

-Көз қорқақ, қол батыр деген рас екен. 15 күн дегенде Астананың іргесіне де келдік. Бәрі ойдағыдай болса, ертең ЭКСПО қалашығының қақпасынан кіремін. Бұл сапарым арқылы бүкіл Шығыс Қазақстанның Астанаға деген ақ тілеуін жеткіземін деп олаймын, - дейді Ғалымжанның өзі.

Астанадан Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив