KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Қазақстан мен Қытай бірқатар келісімдерге қол қойды

7.06.2017, 18:00 167


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь арасында өткен келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Қытай бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттер басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы Қазақстанға тікелей инвестиция салуды жүзеге асыратын Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, тараптар Қорғас өзенінде Үшкірбұлақ бірлескен сел ұстайтын бөгет салу туралы келісімге; ҚР Қаржы министрлігі мен ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігі арасындағы салық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумы; көліктік инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытайдың сапаны қадалағалау, инспекция және карантин бас басқармасы арасындағы Қазақстаннан ҚХР-ға экспортталатын мұздатылған ұсақ мал етіне қойылатын инспекциялық карантин талаптары мен ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылған.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен Қытайдың халықаралық саудаға қолғабыс көрсету комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұдан бөлек, екі ел Үкіметтері арасындағы бірлескен кино өндірісі саласындағы ынтымақтастық келісімі; «Қазақстан» ТРК мен Қытайдың орталық телевидениесі арасындағы өзара түсінушілік және ынтымақтастық меморандумы; ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен Қытайдың қоғамдық академиясы арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастық келісімі рәсімделді.

interfax.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив