KZ
Өскемен
+14°
туман жел 2 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

Өскемендегі Азия чемпионаты - соңғы күн. Финал кешкі сағат 17:00-де

30.05.2017, 18:00 178


Бүгін Өскемендегі волейболдан кыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатының соңғы күні. Кешкі сағат 17:00-ге жоспарланған финалға дейін Б.Александров атындағы Спорт сарайында үш матч өтпек. Оның бірі аяқталып та қойды.

Жетінші орын үшін ойында чемпионаттың аутсайдерлері вьетнамдық «Вьетин Банк» пен филиппиндік «Филиппин Супер Лига» командалары кездесті. Айта кетейік, Өскемендегі чемпионатта бұл ұжымдардың жолы осымен екінші рет түйісуде. В тобында өткен алғашқы ойында Вьетнам чемпионы қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түскен болатын. Бұл жолы да Ле Ван Дунг шәкірттері мықтылығын мойындатты. Алайда, екінші ойындағы вьетнамдықтардың басымдығы тіптен айқын болды, 3:0 (партиялардағы есеп 25:13, 25:18, 25:15).

Осылайша, «Вьетин Банк» командасы қорытынды есепте жарыстың жетінші сатысына тұрақтады. Ал алты ойында небәрі екі-ақ партияны өз пайдасына аяқтаған филиппиндіктер чемпионаттың ең соңғы орнын місе тұтуға мәжбүр болды.

Дәл қазір Б.Александров атындағы Спорт сарайында бесінші орын үшін ойын («Сармайе Банк» (Иран) мен «Тайвань Пауэр» (қытайлық Тайбэй) арасында) өтуде.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив