KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 6 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Өскемендегі Азия чемпионаты - жеңілгендер. Орамалды қыздардың бүгін жолы болды

29.05.2017, 18:00 277



Өскеменде өтіп жатқан волейболдан кыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында 5-8 орындар үшін де тартыс қызып тұр.

Бүгін ширек финалда сүрінген командалар бір-бірімен ойынады. Алдымен Б.Александров атындағы Спорт сарайының алаңына ирандық «Сармайе Банк» пен филиппиндік «Филиппин Супер Лига» командалары шықты. Аса тартысты өрбіген бұл айқастың тағдыры үш партияда шешілді. Кеше ғана жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде қытайлық қарсыластарынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылған, парсы қыздары бұл жолы дәл сондай есеппен өздері жеңіске жетті.

Дегенмен, Маниладан келген волейболшылар оңайлықпен берілген жоқ. Үш кезеңнің екеуінде қарсыластардың қайсысының асығы алшысынан түсетіні партия соңына дейін белгісіз болып тұрды. Бұл жолы сәттілік ирандықтарға серік болды. Партиялардағы есеп 25:23, 25:17, 29:27.

Дәл осындай есеп «Тайвань Пауэр» (қытайлық Тайбэй) мен «Вьетин Банк» (Вьетнам) арасындағы кездесуде де тіркелді. Кеше ғана 0:3 есебімен алаң иелері, «Алтай» волейболшыларына жол берген вьетнамдықтар бұл жолы да жеңілісін мойындауға мәжбүр болды (үш партиядаға есеп 25:19, 25:19, 25:17).

Ертең бүгінгі ойындарда жеңіліс тапқан командалар бірі бірімен 7-8 орын үшін ойнаса (басталуы сағат 09:30-да) жеңімпаздар 5-6 орындарды өзара сарапқа салады (басталуы сағат 12:00-де).

Нұржан Кенжеұлы
Сурет: vksport.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив