Жаңа ғана жарыстың қол жүлдесі үшін болған ойында жерлестеріміз 1:3 есебімен Қытай елінің чемпионы «Тяньцзинь Бохай Банкке» жол берді (төрт кезеңдегі есеп 20:25, 25:22, 25:22, 25:20).
Естеріңізге салайық былтырғы құрлықтық бәсекеде де өскемендік команда үздік төрттікті түйіндеген болатын. Және сол кезде қазақстандық волейболшылар үшінші орын үшін ойында тай елінің командасынан жеңіліс тапқан-ды.
Алда жанкүйерлерді Азия чемпионатының соңғы ойыны – жапондық «Хисамицу Сеяку Спрингс» пен тайландтық «Суприм» арасындағы кездесу күтіп тұр. Бұл матч дәл қазір, сағат 17:00-де бастаулы тиіс.
Нұржан Кенжеұлы