KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі Азия чемпионаты - ширек финал. Тай командасы таймайтынын көрсетті

28.05.2017, 18:00 180


Жаңа ғана Өскеменнің Спорт сарайында волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатының екінші ширек финалдық кездесуі аяқталды.

Бұл ойында тайландтық «Суприм» мен тайбэйлік «Тайвань Пауэр» командалары кездесіп, төрт кезеңге созылған тартысқа толы матчта Тай елінің волейболшылары 3:1 есебімен басым түсті (партиялардағы есеп 25:20, 25:12, 18:25, 27:25).

Айта кетейік, Тай елінің чемпионы Өскемендегі біріншілікте әзірге жеңілістің кермек дәмін татпаған екі команданың бірі болып табылады. Натапхон Срисамутнак бапкер жаттықтыратын ұжым топтық кезеңде үш жеңіске жетіп (жеңілгендер арасында өскемендік «Алтай» да бар), сегіз ұпай жинады. Чонбури қаласынан келген команда ширек финалда да жеңісті жолын жалғай алды.

Енді жартылай финалда тайландтық волейболшылар қытайлық «Тяньцзинь Бохай Банк» мен ирандық «Сармайе Банк» арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив