KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

80 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын Ертіс ағызып әкетті

28.05.2017, 18:00 184



Егде жастағы әйел өзінің 4 жасар немересімен Ертіс ағысынан көпір арқылы өтіп бара жатқан кезде, аяғын жаңылыс басып, суға батып кетті.

Өскемен қаласы Төтенше жағдай басқармасының ақпаратына сәйкес оқыс жағдай 28 мамыр күні Ахмер ауылында орын алған.
- 1937 жылы дүниеге келген қала тұрғыны өзінің немересімен Ертіс өзенінен көпір арқылы өтпек болған. Кенет байқаусызда зейнеткер әже сүрініп, нәтижесінде суға құлады. Оқиға орнында төрт жастағы баланы байқаған адамдар құтқарушыларды шақырды. Келіп жеткен Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өзен ағысынан жүз метр төмен жақта әйел адамның денесін тапты, - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Гүлжан Естаева




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив