KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Зайсанның қияры пісейін деп қалды

28.05.2017, 18:00 93



Зайсан ауданының Кеңсай елді мекенінде талай жылдан бері көкөніс өсіріп, қияр, қызанақ, бұрыш, баклажан, қырыққабат, сәбізімен ауылдың сәнін келтіріп отырған жан бар. Ол Яков Ли деген кәріс ағайынымыз.

Ауыл сыртына қатар қатар тұрғызылған көшетжайларына наурыз айынан бері көкөніс тұқымдарын егіп тастаған ол біз барған кезде көлемі үлкен бір үйдің аумағындай 20 шақты көшетжайдың ішін алып жатқан сол тұқымдарды далаға егуге дайындап жатыр екен.

Несібесін даладан терген диқанның қиярлары маусымның басында ақ пісіп қоятын көрінеді. Одан соң шілденің ортасына таман қызанақтар жиналып, сатуға жөнелтіле бастайды. Бұл жақта Зайсан қаласының дүкендері мен базарларына бірінші болып шығатын Яков Михайловичтің көкөністерін сатып алмайтын адам жоқ. Үш ұлымен, жиенімен ала жаздай баптап өсіретін оның көкөніс алқабын көргендер «кәрістің егінін -ай» деп қызығады деседі ел.
Жер тырмалап жемісін көріп жатқан Яков ауылдың, ауданның қажеттіліктеріне де қол ұшын беріп, көкөнісімен бөлісіп, демеушілік жасап келеді. Кеңсай ауылдық округінің әкімі Талғат Бықаев Лидің тынымсыз тірлігінен кеңсайлықтар көп нәрсені үйреніп, көріп, көңілге түйгендігін айтты.

Ауыл маңындағы егістік жеріне келіп, қырыққабат тұқымын сеуіп жатқан «Ринат» шаруа қожалығының иесі Рауль Мәжитов те осыдан жиырма жылдай бұрын көкөніс өсірудің бабын Яковтың жанында жүріп үйреніп, біліпті. Қазір өзі қарбыздан бастап барлық көкөніс түрін егіп, өнімін алып жатыр.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив