KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Жеке кәсіпкер жылыжайлар салып жатыр

10.05.2012, 18:00 171


http://plazmaform.ru/files/2_62.jpgМамай батыр ауылының іргесінде жеке кәсіпкер Нәмік Ғасанов жылыжайлар салып жатыр. Бұл жерде 10 жаздық жылыжай мен үлкен көкөніс қоймасын тұрғызу жоспарлануда. Ол үшін кәсіпкерге арнайы жер бөлінген. Кәсіпкер ауылдан он шақты адамды жұмысқа тартып отыр. Олардың жалақысы әзірше 35 мың теңге көлемінде, өнім сатылған соң тағы қосымша ақы төленеді.

Жұмысшылар қазіргі кезде жылыжайға қызанақ, қияр, орамжапырақ, тіпті, әртүрлі гүлдерді де отырғызып жатыр. Дала егістігіне картоп, сәбіз, қызылша мен асбұршақ егіледі. Кәсіпкер маусым айының соңына таман осы жерден 50 тонна қызанақ пен 75 тонна қияр алмақшы.

– Осындай жылыжайларды көптеп салу керек. Істі дөңгелетіп әкету үшін «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында қаржы алуға болады. Ауданның бүкіл Өскеменді көкөніспен қамтамасыз ететін әлеуеті бар. Ол үшін өңірде жер де, су да жеткілікті, тұтыну рыногы да жақын. Көкөністі сонау Өзбекстаннан, Қытайдан немесе еліміздің өзге облыстарынан әкелгенше, өзіміз өсірген анағұрлым пайдалы емес пе?! – деді облыс Әкімі.

Ауылдағы «Жебелі» тұтыну кооперативі де екінші жыл қатарынан картоп пен көкөніс егуде. Жүз гектардай жерде елу шақты оралман ағайын еңбек етіп жүр, былтыр олар 30 гектар жерге картоп, 80 гектар жерге көкөніс салған. Биыл картоп алқабын 50 гектарға дейін ұлғайтпақ ниетте.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив