KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Семейді көкөніспен қамтып отыр

11.07.2012, 18:00 138


Көше бойындағы көкөніс сататын дүңгіршектер мен дүкендерді айтпағанда, базарға бара қалсаң, көкөніс пен жеміс-жидектің көптігінен көзің қарауытып, басың айналады. Олардың әкелінген елдері мен белгіленген бағалары да, тіпті, тұтынушыға ең қажетті сапасы да әр алуан. Басым бөлігі – Қытайдікі. Жасырып-жабары жоқ, кейде қып-қызыл ақшаға сатып алған дүниең су татып, араға күн салмай бүлініп жататыны да бар. Өкінішті, әрине, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Өскеменді қайдам, ал Семей халқының бұл тұрғыдан жолы болған ба, деп қалдық. Олай дейтініміз, Оралбек Тоқаш-баевтың қаланың іргесінде орналасқан «Балке» шаруашылығы біраз жылдардан бері Семей халқының басым бөлігін қолда өсірілген нәрлі де сапалы көкөніс түрлері-мен қамтамасыз етіп отырған көрінеді. Бұл шаһарды осыншама көкөніс түрімен қалайша қамтамасыз етіп отырғанын білмек оймен сол шаруашылыққа бардық.

Қырық шақты түтіні бар шағын ғана Бірлік ауылының шетінде орналасқан еңселі үйдің маңы толған ауыл шаруашылық жұмыстарына арналған түрлі техникалар мен олардың тіркемелері, одан қалса қосалқы бөлшектер. Бақшалық жеріне көкөністің түр-түрін егіп, жайқалтып тас-тапты. Ойламаған жерден күн бұзылып, суық түсіп кеткендей болса, қалқалап, жауып қоятын асай-мүсейлері де сақадай-сай тұр.

– Ең алғаш, шаруашылықты бастағанда қолдағы бар сайманымыз да, техникамыз да бір үшкір күрек пен жалғыз кетпен болатын. Осы тұрған жеріміз тап-тақыр жер еді. Мына үйді де, ана қора-жайды да кейіннен тұрғызып алдық. Ол енді ел тәуелсіздігінің алғашқы әрі халыққа қолайсыздау тиген 1995 жылдар еді, – деп есіне алады Орекең бейнеті мол сол бір күндерді. – Кәсібіміздің бастауын «Нар, тәуекел!» деп, қияр егуден бастадық. Қиярдың өзге көкөніс түрлерінен бір артықшылығы, егіп тастаған соң арада екі ай өткенде дән бере береді. Тек, уақытында түптеп, суарып, күтіп-баптай білсең болғаны. Алғашқы бетте көптеген қиыншылық болды. Біресе сайманымыз жетпесе, енді бірде жұмыс қолы жетіспеді. Оның үстіне бұрын-соңды көкөніспен айналысып көрмеген біздің бұл шаруашылық жайлы білеріміз де шамалы болып шықты. Кейін қиярды өсіріп, оны баптаудың қыр-сырын үйреніп алғасын көкөністің өзге де түрлерін өсіруді қолға ала бастадық. Қазір бірыңғай осы салаға арналған нақты бағыт-бағдарымыз, жоба-жоспарларымыз бар. Өзім осы ауылда туып-өстім. Қазір ауылдың 30-40 адамы менде жұмыс істеп нан, шәйларын айырып отыр. Бізге, әсіресе көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін кезінде жұмыс қолы жетіспейді.

Аумағы ат шаптырым жерді алып жатқан шаруашылықтың қазіргі көкөніс алқабында не жоқ дейсіз? Әуелде шаруашылықтың құрылуына себеп болған қиярдан бастап, қызанақ, баклажан, сарымсақ, жуа, бұрыш пен бұршақтың бірнеше түрлері, қырыққабат, сәбіз, картоп, қауын-қарбыз, тағы да басқа көкөністің толып жатқан түрлерінің бәрі бар. Қожалық үш жылдан бері көктемдегі егу және күзгі жиын-терін маусымдарында Семейдегі Шәкерім атындағы университетпен келісімшарт арқылы жұмыс жүргізеді екен. Айталық, маусым айында студенттер 10 күннен кезек-кезек, бір ай бойы суару, түптеу, арамшөп жұлу жұмыстарына тәжірибе ретінде қатысса, күздігүнгі жиын-терінге сту-денттерді шаруашылық қо-жасы университеттен өзі сұрап алатын көрінеді. Бірақ, ол кезде студенттер тәжірибеге емес, кәдімгідей еңбек етіп, табыс табуға келеді екен.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив