KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
484.37 531.06 5.05

700 теңгеден артық қарызы бар адамдар шетелге шыға алмайды

24.04.2017, 18:00 166



Бұрын салық бойынша берешегі бар азаматтарға шетелге шығуға тыйым салынғанын естігенмін. Жақында таныстарым бұл тізімнің ұзарғанын айтты. Тағы да қандай берешектер бойынша шетелге шығуға шек қойылады білгім келеді?

Марат Усанов
Семей.


Сауалға облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының судьясы Елдос Жұмақсанов жауап береді: [i][/i]

– Соңғы уақытта ел азаматтарының шетелге шығуына жол бермеу шаралары жиілегені рас. Бұған ең алдымен 2013 жылдың маусымындағы «Сот орындаушыларының орындаушылық өндірісі және дәрежесі туралы» Заңға енгізілген бірқатар өзгертулер мен толықтырулар себеп болуда.

Шет елде кеңінен қолданылатын бұл тәсіл борышкерлердің қарыздарын дер кезінде өтеп отыруына зор ықпал етеді. Шетелге ұшуға тыйым салудың ең басты себебі азаматтың мойнындағы қарыз, айыппұл, атқарушылық құжаттарды дер уағында орындамау сияқты жағдайлар болып отыр.

Сондықтан мемлекет алдында қарызы немесе айыппұлы бар, я болмаса сотқа жүгінген жеке тұлғаға борышкер азаматтар шетелге ұшар алдында дұрыстап ойланғандары жөн.

Бұл ретте тек алимент немесе жол айыппұлдарын төлемеген адамдар ғана емес, қаланың коммуналдық қызметтеріне де қарызы бар тұлғалар борышкер деп танылады. 700 теңгеден бастап қарызы бар адамдар, егер оларды сот арқылы өндіру шешімі шығарылған болса, мұндай тізімге енгізіледі.

Айта кетейік, шетелге шығу мүмкіндігі шектелгендер тізіміне азамат сот орындаушысының қаулысы бойынша ғана кіргізіледі. Ал сот орындаушысының қаулысы өз кезегінде сот арқылы санкциялануы тиіс. Сот қаулыны санкциялағаннан кейін, сізге оның көшірмесі беріледі, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі де бір көшірмесін алады. Сіз шетелге ұшар кезде дәл осы қызметтің қызметкерлері ортақ базада қарызыңыз төленді деген белгі шықпайынша, сізді шекарадан өткізбейді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив