KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
481.68 522.48 5

ШҚО-да күнбағыс алқаптары әдеттегі нормадан асып кеткен

16.06.2016, 18:00 134




Облыс бойынша 2016 жылға арналған егіс алқаптарының құрылымы ғылыми негізделген құрылыммен сәйкес келеді. Тек күнбағыс алқаптары әдетінше нормадан асып кеткен.

Бұл туралы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков айтты.

Ғылыми ұсынымдар күнбағыс алқаптарының үлесі 17-20 пайыздан аспау керектігін талап еткенімен, нақты жағдайда бұл көрсеткіш 27 пайызды құрады.

Мұндай кері құбылы әсіресе Үржар ауданында байқалады. Онда күнбағыс алқабы егіс құрылымының 38 пайызын алып жатыр. Сондай-ақ, Бородулиха ауданында - 34,3%, Шемонаиха ауданында – 28%, Катонқарағай ауданында – 28%, Зырян ауданында 27% алқапқа күнбағыс себілген.

Ал кейбір аудандарда мал азығы дақылдарын өсіруге жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Мысалы, Глубокое ауданында мал азығы дақылдарын егуге 6,4 мың га, немесе барлық егістік жердің 6,7 пайызы, Зырян ауданында - 5,6 мың га (8%), Шемонаиха ауданында – 13,0 мың га (9,5%) бөлінген. Ғылыми ұйғарым бойынша ең төменгі норма 15-25 пайыздың айналасында болуы керек. Аягөз, Күршім аудандарының қожалықтарында бір келі де минералдық тыңайтқыш себілмеген.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив