KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Әлеуметтік көмірге өтінім қабылданып жатыр – Өскемен

depositphotos.com

Бүгін, 11:00 0 Ержан Әбіш

Өскемен қаласында әлеуметтік көмірге өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімдігі халықты әлеуметтік көмірмен қамтамасыз ету үшін Қаражыра кен орнымен меморандум жасасты.  

«Жергілікті әкімдік Қаражыра кен орнымен жасасқан меморнадум аясында биылғы жылыту мауысына 25 мың тонна әлеуметтік көмір жоспарланған. Олар Өскемен қаласының Защита және Сол жағалау  теміржол тұйықтары арқылы беріледі», - деді Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Самат Сүлейменов.

Әлеуметтік көмірдің бағасы - 15 300 тг. Оны алу үшін тұрғындар аумақтық басқару орталығына хабарласып, әлеуметтік көмірге тапсырыс беруі қажет. Сол тапсырыс аясында келісілген мерзімде әлеуметтік көмір жеткізіледі.

Айта кету керек, қазір Өскемен қаласында 4 теміржол тұйығы көмір саудасымен айналысады.

 Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив