KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Тарбағатай аудандық ауруханасы жас дәрігерлермен толықты

Бүгін, 15:30 2 Айна Ескенқызы

Облысымыздың шалғай аудандарына биыл 28 жас дәрігер жұмысқа орналасты. Олардың 15-і – өте тапшы бейінді мамандық иелері. Тарбағатай аудандық ауруханасының биылдан бастап өз анестезиолог-реаниматологы және стоматологы, жалпы практика дәрігері бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ауылға психиатр, рентгенолог, неонатолог, жалпы практика дәрігері, педиатр, травматолог, онколог, стоматолог, кардиолог, хирург, анестезиолог-реаниматолог жетіспейді.

Жақында аудандық мәртебеге ие болған Тарбағатай ауруханасына жас дәрігерлер келді, олар өз туған жерлеріне оралды десе де болады.

– Біздің ауруханаға жас мамандар тұрақты қызметке келіп жатыр, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетудің заманауи әдістерін енгізудеміз. Сонымен қатар шалғайдағы ауылдарға және медицина қызметкерлері жетіспейтін аудандарға жұмысқа келген жас мамандарды мемлекет пен облыс әкімдігі қолдайды. Оларға көтерме төлемдер және баспана алуға кепілдік беріледі, – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Тарбағатай ауруханасына 27 жастағы анестезиолог-реаниматолог Қанат Ақылбеков келді. Ол осында дүниеге келген, 2014-2019 жылдары Семей медуниверситетінде білім алған, жалпы практика дәрігері мамандығы бойынша интернатурадан өткен. Өскемендегі жедел медициналық жәрдем станциясында интерн ретінде жұмыс істеді, одан әрі Ұлттық медицина ғылымы академиясының резидентурасында оқыды, онда анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істеді.

Қанат – Ақжар ауруханасын ұзақ уақыт басқарған Әскербек Құсайыновтың немересі.

Сондай-ақ, қазір аудандық ауруханада тіс дәрігері бар. Мөлдір Рымханова да Ақжарда дүние есігін ашқан. Өскемендегі гимназияны бітіріп, кейін Семей медуниверситетінің стоматология факультетін тәмамдаған. 2020 жылдан бастап жеке стоматологиялық клиникада тіс дәрігері болып жұмыс істепті.

 

Ал биыл жалпы практика дәрігері ретінде Асылзат Сейітқазы қызметке келді. Ол да – Семейдегі медициналық жоғары оқу орнының түлегі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив