KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда «Аналар саулығы» бағдарламасы әзірленді

Фото: ortcom.kz

22.10.2024, 17:30 106 Айжанат Бақытқызы

Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын «Аналар саулығы» бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, учаскелік дәрігерлер ана денсаулығының индексін анықтау үшін, фертилдік жастағы жүктілікті жоспарлаған әрбір әйелді тексереді.

Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады. Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі.

Гравидаралды даярлық - денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды бала көтеруге, кейіннен жүктілікке және сау баланың тууына даярлауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдеу іс-шараларының кешені.

«Еліміздің әрбір әйелі жас кезінен бастап уақтылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды. Еліміздің әрбір әйелін емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырамыз»,-делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда елімізде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу