KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Өскеменде Егемендік туралы декларацияның маңыздылығы талқыланды

Фото: Махаббат Ахметжанова
Фото: Махаббат Ахметжанова
Бүгін, 12:30 8 Төлеуғазы Жансая

О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханасында облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Егемендік туралы декларация және оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шара ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарған Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны қабылдауға арналды.
Дөңгелек үстелге ардагерлер, тарихшылар, қоғамдық ұйым өкілдері, педагогтар мен студенттер қатысты. Жиын барысында қатысушылар 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған декларацияның Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне алғашқы қадам ретіндегі маңыздылығын талқылады. 

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 25 қазан қайтадан ұлттық мереке болып жарияланды. Бұл – үлкен бастама. Енді бізге 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған декларацияны ел расында, халық арасында кеңінен насихаттау керек. Кез келген ірі мемлекеттерде егемендік туралы декларацияларын мемлекеттік рәміздер ретінде құрмет тұтады», - деп атап өтті дөңгелек үстел қатысушысы ШҚО Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Манарбек Мұхамеджанов.

Спикерлер декларацияның қабылдануы елге өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес анықтауға, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға мүмкіндік бергенін ортаға салды. Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысып отырған ардагерлердің көпшілігі осы оқиғалардың куәсі болғанын және мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосқанын тілге тиек етті. 
Жиын соңында аға буын мен жастар Қазақстанның егемендігін одан әрі нығайту және жас ұрпаққа сол тарихи оқиғалардың маңыздылығы туралы ой алмасты. 

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив