KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да жаңа оқу жылында 22 108 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады

31.08.2015, 18:00 267



ШҚО-да Білім күнінде 22 108 оқушы қолдарына «Әліппе» ұстаса, жалпы саны 176 мыңға жуық оқушы жаңа оқу жылына көшті. Бұл жайлы ШҚО Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

ШҚО-да жыл сайын оқушы саны артып келеді. Өткен жылы мектепке 171 мың оқушы барса, биылғы жылы олардың саны 6846 балаға артық. Соның ішінде, 8748 оқушы 11-ші сыныпқа көшкен.

Ағымдағы жылы 674 мектеп бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдайды. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы мәлімдегендей, барлық мектептер тексеру жұмыстарына дайын. Ал жыл соңына дейін тағы 7 мектеп ашылады деп жоспарлануда.

Бүгін республикалық «Мектеп оқулығы» акциясы да өз соңына жетеді. Акция барысында, барлық бірінші сынып оқушыларына салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы табысталады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив