KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Бильярдтан ерлер арасында ашық Азия чемпионаты Өскеменде басталды

22.07.2015, 18:00 121



Өскемен қаласында «Еркін пирамида» бойынша ерлер арасында ашық Азия Чемпионаты өтуде. Сайысқа 9 елден 74 спортшы қатысып отыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Шараның ашылу салтанатында ШҚО әкімі Даниал Ахметов қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Мұндай дүбірлі сайыстың басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жарыстың әділетті, қызықты және табысты болуына тілектеспін. Бильярд көпшілікке танымал және татулыққа шақыратын спорт түрі. Жалпы, спорт - ел жетістігінің белгісі, бейбітшіліктің кілті, - деді Д. Ахметов.

Чемпионатқа 9 елдің әлемдік дәрежедегі 9 спорт шеберлері қатысып отыр. Ал сайыста халықаралық дәрежедегі төреші Юрий Черванев жетекшілік етеді.

Жарысқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт ісі жөніндегі комитеті, ҚР Бильярд спортының федерациясы және ШҚО әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.

Чемпионат олимпиадалық жүйе бойынша өтіп, 26 шілдеде финалдық ойында жеңімпаз анықталады.

Сайыстың жеңімпазына 1 674 000 теңге көлемінде жүлде қоры тағайындалған. Екінші және үшінші орын иеленгендер сәйкесінше 930 000 және 558 000 теңгеге ие болмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив