KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

ШҚО-ның ерлер және әйелдер волейбол командалары Шымкенттен жүлделі оралды

2.06.2015, 18:00 143



Шымкентте өткен республикалық жазғы спартакиадада біздің Шығыс Қазақстан облысының ерлер және әйелдер волейбол командалары күміс жүлдеге ие болып, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кілең мықтылардан жасақталған аймақтың әйелдер құрама командасы ақтық сында қарағандылық әріптестерімен шеберлік байқасқан. Алайда, қарсылас ұжымның ойыншыларына сәттілік жолдас болып, жеңісті жұлып әкетті.

Есесіне, білікті бапкер Олег Сычев шәкірттері екінші орын үшін өткен кездесуде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған бәсекелестерін 3:0 есебімен ойсырата ұтып, күміс медальға қол жеткізді.

Қыздарымыздың жеңісті жолын ерлер командасы жалғады. Шешуші ойынға дейін алтын жүлдеден басты үміткер саналған шығысқазақстандық спортшылар финалда жарыс қожайындарын жеңу қажет еді. Бұған қоса Владимир Деревянкодан тәлім алатын біздің жігіттер топтық кезеңде Оңтүстік Қазақстанның волейболшыларымен бір мәрте кездесіп, ұтылып қалған болатын. Сондықтан кеткен есені қайтарып, намысты қолдан бермеуге бар күшті салды. Өкінішке қарай, жергілікті жанкүйерлердің демеу-қолдауынан қанаттанған жергілікті команда Алтайдың етегінен жеткен қонақтарды 3:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, облысымыздың ерлер құрамасы да күміс медальды қанағат тұтты. Бұл да жаман нәтиже емес!

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив