KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Құтқарушылар Өскеменде жиналды

15.02.2018, 08:53 164

Өскеменде жасөспірімдер, ерлер және әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан еліміздің қысқы чемпионаты өтуде.


Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов спортшыларды аймақ басшылығы атынан біріншіліктің басталуымен құттықтай келе, барлығына сәттілік тіледі.


Біріншілікке еліміздің облыстары мен қалаларынан келген 17 ерлер, 14 жасөспірімдер және сегіз әйелдер командасы қатысуда. Жарыстың алғашқы күні спортшылар өрт сөндіру мұнарасына шабуылдады. Ең жас өрт сөндірушілер екінші қабаттың терезесіне шықса, ерлер төртінші қабатқа жылдамдыққа шығып жарысты.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, өрт сөндіру-құтқару спортының деңгейі өткен жылғы біріншілікке қарағанда біршама артқан. Аса тартысты өткен жарыстың алғашқы күнінде шығысқазақстандық спортшылар бес жүлделі орынға ие болды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив