KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

«Қазақстанда жасалған» тауарларды таңдайды

17.02.2015, 18:00 293



Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің палатасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Елбасы тапсырмасына орай, аймақтағы тауар өндірушілердің өнімін өткізуге, сатуға қолдау көрсету шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Біздің облыста өз кәсіпорындарымыздың өнімдерін сатып алуға үндейтін «Қазақстанда жасалған» сауда белгісіне назар аударту, отандық тауарлардың сатылуына қолдау көрсету шаралары бүгін ғана емес, осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған болатын. Үш-төрт жылдан бері «Арзан» толайым сауда үйінде, «Колос» сауда дүкеніндегі әлеуметтік бөлімде азық-түлік «Жергілікті өнім өндірушілердің тауарлары» деген атаумен саудаланып келеді. Тұрғындарымыз өзіміздің өнімді сатып алуы арқылы сапалы өнімді тұтынып қана қоймай, өз бюджетімізге, өз елімізге, өз кәсіпорындарымызға қолдау көрсететінін ұғынуы тиіс. Алдағы уақытта «Қазақстанда жасалған» акциясының мәні мен мазмұны, аясы облыс көлемінде одан әрі кеңейтіле бермек, - дейді Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері палатасы директорының орынбасары Оксана Желякова.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив