KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
472.57 508.34 5.4

ШҚО-ға көшіп келген қоныс аударушы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» МБ алғысын білдірді

22.12.2014, 18:00 121



Жамбыл облысынан ШҚО-ға көшіп келген қоныс аударушы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» МБ алғысын білдірді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

«Менің атым Алеся Грищенко. Бүгінгі күні жол түсіп Риддер қаласына Жамбыл облысынан көшіп келіп жатырмыз. Мамандық бойынша орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімін. Жұбайым біршама уақыт жұмыссыз жүрді. Кішкентай баламыз бар. Осы тұрғыда «Жұмыспен қамту жол картасы» МБ сүйене отырып, Риддер қаласына көшіп келдік. Бұл қалада бізге 2 бөлмелі үй берілді. Өзім фельдшер болып жұмысқа орналастым. Аудан басшылары жұбайымды да жұмысқа орналастырмақ. Осы орайда, сарабдал саясатының арқасында бізге жағдай жасап беріп отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Аталмыш мемлекеттік бағдарламаны табысты жүзеге асырушылардың барлығына рахмет, - деп А. Грищенко жүрекжарды алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» МБ бойынша елдің жұмыс күші мол аймақтары саналатын Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан ШҚО Риддер қаласына көшіп келген 22 отбасы жаңа пәтер кілті табысталған болатын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив