Өскемен қаласындағы жедел жәрдем көліктерінің бесеуі газбен жүре бастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Биыл Шығыс Қазақстан облысы орталығында мемлекеттік қызметтегі 100-ден астам автокөлікті көгілдір отынмен жүргізу жоспарға енгізіліпті.
Бүгінде Өскеменде газ құятын төрт бірдей бекет бар. Әрбіреуі тәулігіне 250-ден аса көлікті қабылдайды. Енді мұндай бекеттерді аудандарда да салу жоспары қарастырылуда.
- Қаланы толық қамтамасыз етіп болған соң, аудандарға шығамыз. Қазір әкімшіліктің қолдауымен жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта Өскемен-Алматы автотрассасының бойында, Қалбатауда, Аягөз қаласында газ құятын бекет ашуға дайындалудамыз, - дейді газ құю бекетінің директоры Аманхан Абайделдинов.
Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz