KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Ырғызбай әулиенің кесенесі қайта жаңғырды

22.09.2014, 18:00 370



Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Күмісбастаудан орын тепкен Ырғызбай әулиенің кесенесі XVIII ғасырдағы тарихи ескерткіштер қатарына жатады.

Бүгінде Ырғызбай әулие атамыздың басы мәдени-рухани орталыққа айналды. Осында салынған мешіт, кітапхана, мұражай, 50 орындық қонақ үй зиярат етуге, ем іздеп келушілердің қасиетті орнына айналған.

Жыл санап Тарбағатай өңіріне келушілердің де саны арта түсуде. Бұрын мұнда келушілер көне мазардың жай-күйіне көңілдері толмайтындарын айтып жүретін.

Ырғызбай әулиенің кесенесін жаңғыртуды қолына алған осы өңірдің азаматы Бәделхан Камалханұлы баянауылдың табиғи қызыл тасынан қайта өріп, мазарды адам танымастай етіп жаңғыртты. Сапалы тас енді он ғасыр тұрса да, бүлінбейтін көрінеді.

Азаматтардың ендігі мақсаты - келешекте Ырғызбай мазарын ірі мәдени-рухани кешенге айналдырып, оған тарихи-ескерткіш мәртебесін беру. Осы мақсатта қазір жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ғасырлар куәгері болып тұрған киелі орын қайта жаңғыртылды.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив