KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Байк-фестиваліне үш жүзге жуық мотоциклші қатысты

17.09.2014, 18:00 137



Демалыс күндері мотоциклшілер маусымын ресми түрде қорытындылаған «Шығыс жағалау» атты байк-фестивалі Зырян ауданында болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұқтырма су қоймасының жағасындағы демалыс базаларының бірінде өткен аталмыш іс-шараға 300-ге жуық мотоциклші қатысты. Фестиваль барысында дәстүрге айналған рок-концерт пен түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Қонақтар алдында «Субкультура», «Hard Box», «Help» сияқты рок топтары өнер көрсетті.

Жалпы, үш күнге созылған фестивальға Өскемен, Алматы, Қарағанды, Екібастұз, сондай-ақ, Ресейдің Новосібір, Омбы, Змеиногорск қалаларынан келген байкерлер қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив