KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Бұқтырма жағалауы ретке келтірілмек

26.06.2014, 18:00 102



Шығыс Қазақстан облысының басшылығы жазғы демалыс базалары көп шоғырланған Бұқтырма су қоймасының жағалауын тәртіпке келтірмек. Ол үшін аталған аумақта арнайы коммуналдық кәсіпорын құру көзделіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ержан Сембиновтің айтуынша, Зырян ауданында ағымдағы жылы туризм бөлімі құрылған. Бұл ведомство туристердің сүйікті демалыс орындарындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. Әзірге өңірдің ешбір ауданында мұндай бөлім жоқ.

Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жағажайлардың санитарлық таза-лығын қадағалап, тынығуға келген адамдардың жайлы демалысына жағдай жасайтын коммуналдық кәсіпорын құруды жоспарлауда. Бұл ретте «Алакөл-Тазалық» ЖШС-нің тәжірибесін пайдаланбақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив