Орман арасына темір трос сымнан тұзақ құрып, аң аулаған Зырян ауданының тұрғыны үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Өз пәсігінің маңайына тұзақ құрған азамат оны бір аптадан кейін келіп бір-ақ қараған. Темір тұзаққа екі бірдей елік түскен. Еліктің біреуінің етін боршалап итіне берген браконьер екіншісін далада қалдырады.
Көп ұзамай құрықталған азамат өзінің бұл әрекетін қысқа азық дайындау үшін жасадым деп түсіндіреді. Заңсыз аң аулау нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі – 692 400 теңге.
Зырян аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, браконьер кінәлі деп танылып, оған шартты түрде 3 жыл бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылып, 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz