- Жеке еңбек шартының негізінде жұмысқа қабылданған азамат алты ай толмай еңбек демалысына шыға ала ма, әлде төлемсіз еңбек демалысын ала ма?
Ерік Айдархан, Курчатов
Сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы Ә.Алтынбекова жауап береді:
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Сонымен бірге, кодекстің 107-бабына сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi. Осыған орай, егер қызметкерге еңбек демалысы кесте бойынша берілсе, ол толық мөлшерде берілуі тиіс.
Әзірлеген - Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz