KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Өскемен қаласының ең лас ауданы қайсы?

11.06.2014, 18:00 147



Өскемен қаласындағы «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС-нің экологы Валентина Саватееваның айтуынша, облысымыз бен оның орталығында зиянды өндірістік шығарындылар көлемі жылдан-жылға азайып келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2012 жылы облыста өндірістік шығарындылар көлемі 140 мың тоннаны құраса, былтыр 124 мың тоннаға азайған, қалада сәйкесінше 61 мың тоннадан 55 мың тоннаға түскен.

- Қала экологиясына ірі кәсіпорындармен бірге автокөліктерден бөлінетін газдардың тигізіп отырған зияны орасан зор. Облыс орталығында тіркелген көліктердің 80 пайызының пайдаланылу мерзіміне он жылдан астам уақыт өткен. Қала айналасында жекеменшік тұрғын үйлердің аса көп болуы, көшелердегі көліктер қозғалысының дұрыс реттелмеуі де ауаның ластануына басты себепші болып отыр. Әсіресе, Защита ықшам ауданы, Красин кенті маңы мен өнеркәсіптік алаңдар аудандарында қатерлі аурулар тудыратын азот диоксиді сияқты зиянды газдардың бөлінуі айтарлықтай көп тіркеліп келеді, - дейді орталық маманы.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив