KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіпке баулиды

9.06.2014, 18:00 153



Елбасының кембағал жандарды жұмысқа орналастырып, көмек көрсетуге орай берген тапсырмасына сай Шығыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы кәсіптік білім беруге басты назар аударылуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Роза Бисикенованың айтуынша, қазір аймақтағы мүгедек жасөспірімдер кәсіптік білім беретін екі базалық колледжде білім алуда. Тағы да үш колледжге мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға мемлекеттік тапсырыс беріліп отыр.

Қазіргі күні ШҚО кәсіпкерлерінің палатасы мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмысқа орналасуына жағдай туғызып, облыс кәсіпорындарымен келісімшарттар жасасуда. Жақында ғана Семейдегі «Семнан» шағын кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден өткен 12 студенттің үшеуі осында жұмысқа орналастырылды.

Палата кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқитын жарымжан жасөспірімдердің тегін ыстық тамақпен, жатақханамен (алыс аудандардан келгендерін), арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді қарастыруда.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив