KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Шағын және орта бизнестің даму жолдары айтылды

21.04.2014, 18:00 83



Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аудан экономикасындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Бородулиха ауданының басшылығы осы істі табысты жүзеге асырудың өңірдің одан әрі қарайғы экономикалық және әлеуметтік дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді.

Бородулиха ауданында шағын бизнеспен айналысушылар саны 1321 адамды құрайды. Олар жұмыспен қазіргі таңда 4058 жанды қамтып отыр. Былтыр олар 150863 мың теңгенің салығын төледі.

2014 жылдың төрт айы ішінде аудан бойынша құны 101,7 млн. теңгелік 96 меморандумға қол қойылса, оның ішінде, құны 3,4 млн. болатын 18 меморандум аудан кәсіпкерлерімен жасалынып отыр. Аудан кәсіпкерлері жаңадан наубайханалар мен кафелер т.б. нысандарды ашып, талай жанды жұмыспен қамтуға мүмкіндік тудыруда.

Елбасымыздың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны мұрагерлік негізде одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген еді. Осы Жолдаудағы жарқын жолдар Бородулиха жерінде де көрініс тауып отыр.

Жақында Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Болат Аргумбаевтың төрағалығымен өткен ел үкіметінің шағын және орта бизнестің дамуының жан-жақты қолдауы турасында жиынға Семей қаласындағы "Кәсіпкерлікті дамытудың "Даму" қоры" АҚ өкілі Анжела Маслова, Бірлескен БҰҰ бағдарламасының экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі Шынар Имамбекова және Семей қаласындағы ауыл шаруашылығына қаржылай көмек беру қорының кеңесшісі Сәуле Тұрғановалар қатысты.

Арнайы басқосуға келген қонақтар шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешуші жолы болып кәсіпкерлерді қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылатындығын, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына тоқталды.

Серік Әбілқасымұлы,
Талап Мұхаметханұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив