KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Шығысқазақстандық полицей алтын медаль иеленді

ШҚО ПД

8.05.2024, 10:00 56 Назерке Каримова

Қарағандыда «Даланың қуаты ІV» күш спорты түрлерінен ашық Азия кубогы өтті.

Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Армения сияқты 7 мемлекеттің 54 қаласынан мыңнан астам спортшы келген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Олар жеті салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтау үшін бақ сынасты.

- Бұл жарысқа ШҚО-ның намысын қорғап 14 спортшы қатысты, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті. - Олардың арасында ШҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы полиция капитаны Қуат Бақытбекұлы 82,5 келіге дейінгі салмақта бәсекеге түсті. Ол жарыста жатып көтеру бойынша 142,5 кг зілтемірді көтеріп, жүлделі 1-ші орынды қанжығасына байлап, алтын медаль иегері атанды.


Қуат Бақытбекұлы спортты бала кезінен жанына серік еткен. Сонымен қатар, ол облыс, республика көлеміндегі жарыстардың жүлдегері және штангіні жатып көтеруден спорт шебері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив