KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Риддер қаласына 25 жаңа автобус сатып алынды

видеодан алынды

8.05.2024, 12:00 85 Назерке Каримова

Оның алғашқы партиясы 12 автобус кеше жетті, ертең қалған 13 автобус жеткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Риддер қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

7 мамыр күні Риддер қаласына 12 жаңа автобус келді. 8 мамыр күні тағы 13 автобус жеткізіледі. Жаңа көліктер ЛЖАК (Лениногор жолаушылар автокөлік кәсіпорны) базасында болады.

– Қалада 16 қалалық бағыт бойынша жолаушылар тасымалын жүргізушілерге тендер жарияланды, – деп хабарлады Риддер қалалық әкімдігі. – Қала билігі қоғамдық көлік мәселесін шешу жолдарын қарастыруда. Бұл тұрғыда "ТК KazAvtoLine" ЖШС Семей тасымалдаушысына үлкен үміт артылуда. Бұл серіктестік аясында өткен жылдың 25 қазанында Риддер қаласына бес жаңа автобус жеткізіліп, содан кейін тағы бірнеше автобус жүргізіп, қыс бойы желіде жұмыс істеді. Серіктестіктіктің тендерге қатысуға барлық мүмкіндігі бар, оның нәтижелері 23 мамырда жарияланатын болады.


Ол үшін тасымалдаушы Семей автозауытында жиналған 25 жаңа автобусты сатып алды. Конкурста жеңіске жеткен тасымалдаушы әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша шығындарды жабу үшін мемлекеттен шамамен 93 миллион субсидия алады.

– Жаңа автобустарға жүргізушілер мен кондукторлар қажет болады. Қызметкерлердің бір бөлігі қазірдің өзінде бар, егер жергілікті кадрлар жеткіліксіз болса, автопарк қызметкерлері Семейден келетін болады. Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүргізушілер мен кондукторлар ЛЖАК базасына (Риддер қаласы, Гоголь көшесі, 2/3 мекенжайы бойынша және +7-707-277-93-64 нөмірі бойынша) жүгіне алады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив